(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ 2026-2028 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТ...

Жамбыл облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы

Жамбыл облысы мәслихатының 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 29-3 шешімі

 

Осы редакция 2026 жылғы 13 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 7-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 85-бабының 2-тармағына, 87-бабына, 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Жамбыл облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 650 237 662 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер - 31 155 691 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 13 794 838 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 6 000 мың теңге;

арнаулы түсімдер - 8 472 237 мың теңге;

трансферттер түсiмі - 596 808 896 мың теңге;

2) шығындар - 645 243 661 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - -16 047 625 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер - 15 005 100 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 31 052 725 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 21 041 626 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - - 21 041 626 мың теңге.

2. Аудандық бюджеттен және облыстық маңызы бар қала бюджеттерінен облыстық бюджетке 2026 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 43 554 054 мың теңге, оның ішінде:

Байзақ ауданынан - 759 783 мың теңге;

Жамбыл ауданынан - 338 884 мың теңге;

Қордай ауданынан - 5 182 317 мың теңге;

Меркі ауданынан - 983 167 мың теңге;

Мойынқұм ауданынан - 1 424 663 мың теңге;

Сарысу ауданынан - 718 102 мың теңге;

Шу ауданынан - 4 188 754 мың теңге;

Тараз қаласынан - 29 958 384 мың теңге.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.